27 қыркүйекте Полудин балалар үйінде Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында «Алтын қолдар» мерекесі өтті, онда техникалық қызметшілерге құрмет көрсетті. Бұл мерекені жоғары санатты тәрбиеші — Татьяна Павловна Панфёрова дайындады және өткізді.
Біздің балалар үйіміз жайлылығымен, тазалығымен және әдемілігімен әйгілі! Бейжай емес, ынталы, еңбекқор және көңілді адамдардың арқасында, олар өздерінің еңбектерін атап өтуге лайық. Біздің ғимаратқа қызмет көрсететін әр қызметкер үшін өз аталымы ұсынылған болатын, онда бір де бір қызметкер қалдырылған жоқ. Жеңімпаздарды анықтау құзыретті қазылар алқасына тапсырылды — бұл біздің балалар. Жеңімпаздар 14 аталым бойынша анықталды.
Мерекеге еңбек ардагерлері шақырылды. Біз өмірлерінің ең жақсы жылдарын өз жұмысына арнаған адамдарды құрметтейміз және еске аламыз.
Балалар біздің ардагерлерімізге ұзақ және шабытты, адал еңбектері үшін ризашылықтарын білдірді және белсенді өмірлік ұстанымдары, ауылдың қоғамдық өміріне қатысқаны және жастарға патриоттық тәрбие бергені үшін алғыс айтты.
Мерекенің жағымды сәті директор Юрий Афанасьевич Ляпиннің құттықтауы болды, ол барлық қатысушыларды осы күні құттықтап, әр қызметкерге ризашылығықпен, жылы сөздер айтып, лебізін білдірді.
Балалар үйінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Марина Павловна Кучковская сөз сөйледі, барлығын Еңбек күнімен құттықтады. Қазақстан Республикасындағы бұл мереке Тұңғыш Президенттің жарлығымен 2013 жылы белгіленген.
Қазақстанда Еңбек күнін мерекелеу көптеген кәсіпорындарда және елдің көптеген еңбек ұжымдарында өтеді. Мемлекет және кәсіподақтар Еңбек күніне арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың басты мақсаты — жұмысшы кәсіптердің мәртебесі мен беделін көтеру, жастардың назарын оған аудару және еңбек ұжымдарын біріктіру. Ол барлығына жұмысында табыс және денсаулық тіледі. Ардагерлерге сыйлықтар таратылды.
Балалар ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Мереке барлық қатысушыларға көптеген әсер, жағымды тосынсыйлар, жарқын эмоциялар сыйлады.
Жыл сайын 1 қазанда бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күні мерекеге келе алмайтын аға буын адамдарды кәсіподақ комитетінің мүшелерін үйлерінде қарсы алды. Оларға балалар үйінің қызметкерлерінен сыйлықтар табысталды. Ең бастысы, олармен сөйлесті, оларды тыңдады. Бұл, әрине, олардың жүрегін жылытады. Біздің барлық ардагерлер балалар үйінің әкімшілігі мен кәсіподақ комитетіне өздерінің бұрынғы әріптестеріне деген ықыласы мен сезімталдықтары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.
ТЖ жөніндегі директор орынб Т.В. Сергеева
Қаралым саны: 736