«Шабыт әлемі!» авторлық туындының шығармашылық кеші

2019 жылдың 9 ақпанында «Шабыт әлемі!» деп аталатын «Данко жүрегі» ҮЕҰ белсенділері Полудин балалар үйінде авторлық туындылардың шығармашылық кешін өткізді. Бұл «Просто помогать» жобасына Оңтүстік-Орал теміржолының ардагерлері, М. Аверин атын. облыстық әдеби бірлестіктердің мүшелері және «Проба пера» клубы, С. Мұқанов атын. облыстық кітапхананың қызметкерлері қатысқан болатын. Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Ақын, жазушылар өлеңдерін оқыды, ертегіден үзінділерді оқыды. Балалар, өз кезегінде, бастаманы қолдап, А. Пушкин, М. Жұмабаев, А. Құнанбаев және т.б. сияқты ұлы классиктердің өлеңдерін оқыды. Кездесуде гитарамен әндер айтылды, әзілдер, қызықты өмірлік әңгімелер айтылды. Балалар үйінің кітапханасы авторлардың қолы қойылған бірнеше кітапқа ие болды, ал әрбір бала осы ұмытылмас кездесудің қонақтарынан кітап алды.

09.02.2019
Қаралым саны: 486